Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Курманова Жанат Муратовна
КГУ «Пригородная средняя школа»
Учитель казахского языка казахской литературы

 

Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Мақсаты: тек оқытуда емес, сонымен бірге күнделікті өмірде керекті оқушылардың ойлау дағдыларын дамыту.

Сонда сыни ойлау деген не? Сыни ойлау- өзіндік ойлау. Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды.

Сабақтың құрылымы үш сатыдан тұрады: «Шақыру», «Ұғыну», «Рефлексия»

I саты – «шақыру». Бұл сатының мақсаты: оқушыларды қызықтыру, жандандыру, тапсырмаларды орындауға дәлелдеу, сонымен бірге бар білімдерін «шақыру» немесе зерттелініп тұрған сұрақ бойынша ассоциацияны құру. Бұл келесі жұмыстың белсенді және себепті саты.

Саты

Мұғалімнің жұмысы

Оқушылардың жұмысы

Мүмкінді әдістері мен тәсілдері

«шақыру»

Оқушыларды белсендіру келесі жұмысқа дәлелдеу, бар білімдерін «шақыру»

Оқушы сұрақ арқылы оқып білгенін еске түсіреді, жүйелейді, сұрақ қояды.

-кластер

-кестені толтыру

-дұрыс/бұрыс

-РАФТ

-қателерді түзету

Мәліметтер тыңдалады, толқыланды.

Бүкіл жұмыс жеке –жұп –топ түрінде өткізілінеді.

II саты –ұғыну (мағынаны іске асыру). Бұл сатыда мәліметпен тікелей жұмыс өткізілінеді.

Мақсаты: мәтінді түсініп оқу және тыңдау.

 

 

Саты

Мұғалімнің жұмысы

Оқушылардың жұмысы

Мүмкінді әдістері мен тәсілдері

Ұғыну (іске асыру)

Тақырыпқа қызуғышылықты сақтау, «ескі» білімен «жаңа» білімге бірте- бірте жылжу (жаңа мәтінмен жұмыс істеу арқылы)

Оқушы оқиды, тыңдайды және мынадай әдістермен қолданады

-белгілеу әдісі («?»- түсінбедім, «!» -ұнайды,

«+» -білемін,

« - » -білмеймін)

-екі жолдық күнделік

-ми шабуыл

-зерттеу

-сұрақ қою

-сәйкестікті іздеу

-болжау («егер...»)

-жағдай жасау

III саты –рефлексия (ойланып- толғану). Бұл сатыда мәлімет талданады, өзінше түсіндіреді, шығармашылық түрінде қайта қаралынады.

Мақсаты: білімдерін қорыту.

Бүкіл жұмыс жаңа мәлімет (мәтін, фильм, дәріс ) арқылы жеке немесе жұп түрінде өткізілінеді.

Саты

Мұғалімнің жұмысы

Оқушылардың жұмысы

Мүмкінді әдістері мен тәсілдері

Рефлексия (ойланып толғану)

Оқушылардың 1 сатыға назарын аудару, мәлімет арқылы алынғагн білімдерін толтыру

Оқушылар «ескі» міліметтерді «жаңа» алынған мәліметтермен салыстырады.

-кластерді, кестені толтыру

-дұрыс/ бұрыстарға қайта келу

-сұрақтарға жауап беру

-дискуссия

-синквейн

-эссе

-зерттеу жұмысы; т.б

Жұмыс жеке – жұп – топ түрінде өткізілінеді

СТО технологиясын пайдалана отырып, сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау, әдістемелік лабораторияны жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткіздім. Оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу мен оқу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында қолданып жүрген стратегиялардың мүмкіншіліктеріне тоқталайын:

РАФТ Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.

Мысалы:

Сын  тұрғысынан ойлау технологиясыР - роль (бала)

А - аудитория (ана)

Ф- форма (құттықтау)

Т - тақырып ( 8 наурыз)

Жуан-жіңішке сұрақтар: оқушылар мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.

Немесе оқушылардың берілген мәтін бойынша жұмыс жасауға көмектесетін INSEPT стратегиясы, ол бойынша оқушыға оқу,т ақырыппен танысу барысында

V - білемін

- - білгеніме сәйкес келмеді

+ - жаңа ақпарат

? - тереңірек білгім келеді,зерттегім келеді,белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.

V

-

+

?

 

 

 

 

INSEPT оқығанын түсінуге, өз ойын басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Оқушылар білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. .

« INSERT » стратегиясының екі нұсқасын қолданамын.

Түртіп алу кестесі. « INSERT »

Білемін

Білдім

Білгім келеді

 

 

 

Қосжазба күнделігі: мәтінде берілген оқиғаларға өзінің пікір жазады, ендеше, оның сөздік қоры молаяды, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысады.

« Екі түрлі түсініктеме »

Не оқыдым ?

Не ұқтым ?

Дос туралы әңгіме оқыдым .

Досты бағалай білу керек.

Екі жолды күнделік. Кесте толтыру.

Кім ұнады ?

Неге ?

Асан ұнады.

Ол төзімді , еңбекқор, сенімді бала. Қиын жағдайда досына көмектесті.

«Ой –толғаныс» ( Түсіндіреміз және дәлелдейміз)

Түсіндіргенде себебі анықталады. Бір нәрсені түсіндіру барысында дәлелдейді де түсіндіреді.

 

Сын  тұрғысынан ойлау технологиясыСын  тұрғысынан ойлау технологиясыМысалы: Қар жауып, қыс түскенде балалар қуанады. Неге ? Дәлелдеңдер.

 

 

Сәулені жақсы қыз деуге бола ма ? Неге ? Дәлелдеңдер.

«Сөздік картасы» Сөздік картасының жүйесі: сөз, аудармасы, осы сөзден туындайтын ассоциациялар, синонимдер, антоним, сөйлем, мақал – мәтелдер жазу.

«Өнер» сөзінің сөздік картасы. Мысалы:

1)Өнер;

2)искуство;

3) музыка, ән, қолөнер, би, роман, сурет;

4) өнер, шығармашылық;

5) - ;

6) Жасынан оқу оқып, өнер қуған.

7) а)Өнерлі өрге жүзеді; ә) Ер жігітке жетпіс өнер де аз.

Осы кезендердің ұтымды өткізілуі мынадай нәтижелерге кол жеткізеді:

-оқушылар басқалармен қарым - қатынас жасай береді;

-басқаларды тыңдай білуге, кез келген жауапқа сыйластықпен және түсіністікпен қарауға үйретеді;

-өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды;

-керек кезде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйретеді, оның дамуын қамтамасыз етеді;

-ең бастысы – оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады, сабаққа қызығушылығы артып, балалардың белсенділігі өте жоғары болады

Нәтижесі:

Оқушының қызығушылығын арттырады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, терең білім алуға жағдай жасап қана қоймай, коммуникативтік қатынасын қалыптастырады, оқушыны ізденіске жетелейді.

Осындай жұмыстар арқылы ең әуелі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен жұмыс істеуге, бір-біріне жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыланады.

Қорыта айтқанда, инновациялық білім беру әдістемелерінің ішінде сын тұрғысынан ойлау технологиясы - тиімді құралдың бірі. Инновациялық білім - іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет пәндердің мазмұнын тереңдетуге, ұстаздың кәсіптік шеберлігін арттыруға, оқу ісін дамытуға бағытталған. Ең бастысы, оқушыны келешек өмірге дайындап, білім-біліктерін, іскерлігін өмірде қолдауға жағдай жасайды.

скачать dle 11.0фильмы бесплатно