Разработка открытого урока «Дыбыс табиғаты. Әр түрлі ортадағы дыбыстың таралу жылдамдығы»

Өтетілеу Гүлмира Ағидуллақызы
Физика – математика пәнінің оқытушысы
Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі

 

Разработка открытого урока «Дыбыс табиғаты. Әр түрлі ортадағы дыбыстың таралу жылдамдығы»

 

Мақсаты:

1. Оқушыларға дыбыс туралы ұғым беру. Әр түрлі ортадағы дыбыстың таралу жылдамдығымен таныстыру.

2.Дамытушылық: терең ойлауға, ғылымға, білімге деген қызығушылығын арттыру

3.Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыра отырып, білімді өз күшімен алуға ұмтылысына тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас

Оқыту әдісі: Эдвард де Бононың алты ойлау шляпасы,деңгейлеп оқыту технология элементтері.

Білім алушылар қызметін ұйымдастырудағы технология: Сыни тұрғыдан ойлау Көрнекіліктер: Презентация , катрочкалар,

ТОҚ: интербелсенді тақта, аудио

Пәнаралық байланыс: тарих, математика, техника, медицина, биология

Сабақтың барысы:

 

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару.

 

2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру Венн диаграммасы «Көлденең және қума толқындар»

 

Есептер:Рымкеевич «Есептер жинағы»

№1018 Көл суының бетінде толқын 6 м/c жылдамдықпен тарайды. Егер толқынның ұзындығы 3м болса, онда су беріндегі толқыма тербелісінің периоды мен жиілігі қандай болады?

№1019 Балықшы қалытқы с ішінде толқында тербеліс жасағанын, ал толқындардың көршілес жоталарының арақашықтығы м екендігін байқаған. Толқындардың таралу жылдамдығы қандай?

№3 Радиостанция 75МГц жиілікте бағдарлама жүргізеді. Толқын ұзындығын табыңдар.

Түймедақ гүлін құрастыру

 

Математикалық маятник

1.Математикалық маятниктің қозғалысының түрі: тербелмелі қозғалыс

2.Анықтамасы: бұл созылмайтын, салмақсыз жіпке ілінген, тербеліс денесі материалық нүкте болып табылатын, маятниктің физикалық үлгісі.

3.Математикалық маятниктің тербеліс периодын √2 есе арттыру үшін, жіптің ұзындығы қалай өзгереді? ( 2есе артады)

4. Тербеліс периодының формуласы: 

5.Математикалық маятниктің жібінің ұзындығының формуласы: 

 

 

Толқын

1.Толқынның түрлері: көлденең және қума

2.Толқын ұзындығының формуласы: .

3.Тербелістің серпімді ортада таралуы: толқындық процесс

4.Толқындардың бір бірімен қабаттасқан жерлерінде тербелістер беттесіп толқындардың қосылу құбылысы не деп аталады? (интерферрения)

5.Толқындардың бөгетті орағытып өту құылысы не деп аталады? (дифракция)

 

3. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

 

4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:

Дыбыстың табиғаты.

Әр түрлі ортадағы дыбыстың таралу жылдамдығы.

Дыбыстың қаттылығы, жоғарылығы, тембр.

Ультрадыбыс және инфрадыбыс.

 

 

5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі

 

Дыбыс толқынын тербелістегі дене тудырады. Тербелістегі дененің айналасында сыртқы ортаның күйі өзгереді (қысымы). Ауаның тығыздалуы және қайта сиреуі нәтижесінде адам құлағының естуін тудыратын дыбыс пайда болады. Сонымен қатар сыртқы ортада тербеліс тудыратын кейбір құбылыстар (жарылыс, жел, найзағай, оқтың ұшуы т.б.) да дыбыс көзі болып табылады. Адамның есту қабілетін тудыратын серпімді толқындар – дыбыс толқындары деп аталады. Дыбыс өтетін орта – ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып пайда болуы мүмкін емес.

Дыбыс толқындары 16Гц-тен 20кГц дейінгі жиілік аралығында жатыр. Жиілігі 16Гц-тен төмен толқындар инфрадыбысдеп, ал 20кГц-тен жоғары толқындар – ультрадыбыстар деп аталады. Дыбыс құбылыстарын зерттейтін физика бөлімі акустикадеп аталады.

 

6. Жаңа материалды бекіту

Эдвард де Бононың «алты ойлай шляпасы»

Мақсаты:

Әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар, ситуациялар төңірегінде ой қорыту, өздерінің ойларын пісіру.

Ақ шляпа: фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру

Қызыл: ішкі сезім эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру

Қара: негативті ойлау, мысалы: бұл орындалмайды, себебі ...

Сары: оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: неге, бұл міндетті түрде орындалады.

Жасыл: жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар

Көк: жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды білдіреді қорытындылайды.

 

Сұрақтары:

 

ДЫБЫС ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

АДАМНЫҢ ЕСТУ МҮШЕСІ ҚАБЫЛДАЙТЫН ДЫБЫС ТОЛҚЫНДАРЫ ЖИІЛІГІНІҢ ДИАПАЗОНЫ ҚАНДАЙ?

ДЫБЫС ЖЫЛДАМДЫҒЫ ТАРАЛАТЫН ОРТАҒА БАЙЛАНЫСТЫ МА?

ДЫБЫСТЫҢ ҚАНДАЙ СИПАТТАМАЛАРЫН БІЛЕСІҢ?

 

Физикалық диктант (қосымша тіркелді)

Физикалық диктант

 

Иә ^, жоқ –

 

Дыбыс – есту түйсігін туғызатын серпімді толқындар.

Жиілігі 20Гц-тан жоғары толқындарды адам құлағы естиді.

Найзағай – табиғи дыбыс көзі.

Акустика –дыбысты зерттейтін физика бөлімі.

Дыбыс қаттылығы тербеліс жиілігімен анықталады.

Дыбыс тоны тербеліс жиілігімен анықталады.

Дыбыстың аудағы жылдамдығы 330 м/с.

Дыбыс қаттылығының өлшем бірлігі – Бел.

Біріңді – бірің тексер!

^ - ^ ^ - ^ ^ ^

1 2 3 4 5 6 7 8

 

7. Сабақты қорытындылау

Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау

8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау

9. Үй тапсырмасы

«Дыбыс табиғаты. Әр түрлі ортадағы дыбыстың таралу жылдамдығы» тақырыбын оқу. Уй тауығына жағымсыз дыбысты қою арқылы эксперимент жасау,яғни қанша уақыт аралығында тауықтың қозғалысының өзгеруін.

10. Әдебиеттер:

Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2006

Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп: 2006

Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1998г

 

11. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

скачать dle 11.0фильмы бесплатно