Ұлы ерлікке тағзым

Маминов Умиджан Сайфуллаевич
учитель географии
ОСШ № 93 им. Абылай хан
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1. Ұлы Отан Соғысының бастау алуы
2. Қазақстандағы ұлттық әскери – құрамалардың құрылуы
3. Великие Луки үшін шайқас
4. Невельді азат ету
5. Отты жылдарда ару – қыздарымыздың батырлығы
6. Жеңіс қамалы – қаһарман тыл
7. Қазақстандық Кеңес одағының батырлары
8. Қорытынды
9. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Сан қилы саяси және әлеуметтік қайшылықтар мен дүрбелең үстінде өткен ХХ - шы ғасыр адамзат санасында жойқын соғыстарымен де сақталары сөзсіз. Өйткені, бір ғана Екінші дүниежүзілік соғыстың өзі қаншама ұрпақты қайғы - қасіретке душар етіп, өмірін өксітті. Жалпы, үлкен тарих тұрғысынан алғанда азғантай мерзім болғанымен ұзақтығы жағынан төрт жылға жуық, нақтылап айтқанда бір мың төрт жүз он сегіз күнге созылған Ұлы Отан соғысы өзінің ауқымы мен қилы – қилы оқиғаларға қанықтылығымен тұтас бір дәуірге тең. Өйткені, ол сан миллион адамдардың өмірін қиған, жер бетінде бұрын – соңды болмаған ең зардапты, әрі қантөгісті зор соғыстың бірі болған еді.
Өткен ғасырдың басында он бес одақтас республикадан құралған «мызғымас» одақ едік. Оны бәрімізге ортақ Отан дедік. Қазыған Германияда қаққан фашизм тұтқиылдан шабуыл жасағанда, қиырдағы Қазақстан жұртшылығы да сол Отанды қорғауға өре түрегелді. Мәскеудегі басшылар мұны Ұлы Отан соғысы деп жар салды. Тарих беттеріне солай деп жазылды. Коммунистік идеология «Әділет біздің жақта, біз жеңеміз!» деп ұрандатып, қан майдандағы жауынгерлерді, тылдағы еңбеккерлерді жігерлендірді. Иә, ауыр азапты бес жылдан соң біз жеңдік. Бірақ, қандай шығынмен десеңізші?! Қаншама жас қыршын кетті?! Тіптен, бір отбасынан 4 -5 жанды майданға аттандырғанда, кейін солардың тым болмаса бірі елге дін аман оралмаса, не дейсіз?! Қаншама шаңырақ қаңырап, күйреп ортасына түсті?! Ана жесір, бала жетім қалды. Олар отағасы қапияда кетті дегенге сенбеді. Үнемі ұзын жолдың бойына телміре қарап, күндерін, айларын, жылдарын зарыға күтумен өткізді. Қашан оның қабірін көздерімен көріп, көңілдері суынғанша үміттері үзбеді.
«Өзіміздің мынау шамырқанған ғасырымыз туралы шындықты біз айтпасақ кім айтады?
Сіз бен бізден басқа ешкім ешқашан да айта алмақ емес!»
Олжас Сүлейменов

1.Ұлы Отан Соғысының бастау алуы.

1939- 1945 жылдары болған 2 – дүниежүзілік соғыс Германия, Италия және Жапония тарапынан басталды. 1939 жылы 1 – қыркүйекте Германия Польшаға басып кірді. 3 қыркүйекте Ұлыбритания және Франция Германияға соғыс жариялады. Германия 1940 жылы сәуірде Дания мен Норвегияны, ал мамыр – маусым айларында Нидерланд, Бельгия, Люксембург және Францияны жаулап алды. Сол жылғы маусымның аяғында Лондонда «Азаттық», ал 1942 жылы шілдеде Францияның «Қарсыласу» комитеттері құрылды. 1940 жылы 10 маусымда Италия Германия жағында соғысқа кірді. 1940 жылы 10 маусымда Италия Германия жағында соғысқа кірді. 1941 жылы сәуірде Германия Грекия мен Югославияны жаулап, ал 22 маусымда КСРО – ға басып кірді. Германияның негізгі мақсаты Барбаросса жоспары бойынша КСРО – ны жою еді. Жоспарда қосымша соққы ретінде Словакия (2 дивизия), Финляндия (400 мың адам), Румыния (220 мың адам), Италия (3 дивизия), Венгрия (205 мыңдай адам), Испания (250 дивизия), Хорватия (20 мыңға жуық адам) тарапынан да соғыс қималдарын жүргізу қарастырылды. Құрлықтағы әскерлердің шабылуы әуе және әскери – теңіз күштерімен күшейтіліп, Кеңес Одағының шығысындағы өнеркәсіп орталықтарына, ең әуелі Орал өнеркәсіп орталығына әуеден соққы беру және Балтық теңізінде үстемдікке жету көзделді.Гитлершіл Германия Кеңес Одағының ұлттық мемлекеттерін жойып, төрт рейхтік комиссариатқа бөлуді ойластырды. Барбаросса жоспарын жүзеге асыру үшін Германия жоғарғы басқармасы 153 дивизия бөлді, оған одақтастары 37 дивизия қосты. КСРО –ға қарасты Германияның 190 дивизиясы (5,5 миллион адам), 3 мыңнан астам танкісі, 5 мыңға жуық ұшағы бағытталды. КСРО – ға соғыс бастар алдында Германия өзінің әскери – экономикалық қуатын нығайтып, мыс, мырыш, қорғасын, бокситті аса көп мөлшерде жинап алды және Еуропадағы жеңілген елдердің қару – жарақ, оқ – дәрі, көлік – транспорттарын пайдалануға мүмкіндігі болды. Германияның қарулы күштері құрамында 1941 жылдың маусым айында барлығы 7,3 миллион адам қызмет атқарды. КСРО –ға қарсы соғысқа италиялықтар, испан дивизиялары, хорват, словак, француз бөлімшілері, сонымен қатар Германия жаулап алған елдерден жасақталған еріктілер де қатысты. КСРО соғысқа дайын болмай шықты. Басқыншыларға алғаш кеңес шекарашылары қарсы тұрды. Аса қиын жағдайда, кеңес жауынгерлері алғашқы күннен бастап ерлікпен шайқасты. Соғыстың 5- күні құрамында капитан А.Маслов, сержант Б.Бейсікбаев бар бомбалаушы ұшақ әскери тапсырмамен шығып, өртенді. Ұшқыштар өртенген ұшақты жау танкілері мен бензин цистерналары шоғырланған колоннаға бағыттады. Қоршауда қалған көптеген шекаралық заставалар мен бекініс аудандары жауға бірнеше тәулік бойы тосқауыл болды. 1941 жылы 30 мауысмда Сталиннің төрағылығымен Мемлекеттік Қорғаныс комитеті құрылды. Ол бүкіл елдегі саяси, әскери және шаруашылық билігін қолға алды.
Ұлы Отан соғысы бірнеше кезеңнен өтті. Соғыстың 1 – кезеңі (1941 жылдың 22 маусымы 1942 жылдың 18 қарашасы) өте ауыр болды. Кеңес әскері аса қолайсыз жағдайда қалды, адамдар, техника мен қару – жарақ көп шығынға ұшырады. 170 дивизияның 28- і толық талқандалып, ал 70 дивизия өзінің адамдары мен әскери техникасының тең жартысынан айырылды. 200 – ге жуық жанармай, оқ – дәрі және қару қоймалары немістер басып алған жерлерде қалды. Алғашқы 6 аптада кеңес жеріне 850-1200 шақырым ендей кірген фашистер Латвия, Литва, Беларусь, Украина мен Молдованың көптеген жерлерінен көктей өтіп, Киев, Смоленск, Одесса қалаларының іргесіне жетті. Шегінген Кеңес әскерін соғысқа қажет материалдармен және адамдармен толықтыру қиынға соқты. Вязьма аймағында Батыс және Брянск мйданы күштері жартылай қоршауда қалды. Жау әскерлері Калинин, Волоколам, Можайск қалаларын басып алып, Мәскеуге қауіп төндірді. Қыркүйектің 8- і күні Ленинград қоршауға алынып, қаланың ауыр жағдайдағы ерлік күресі басталды. Мемлекеттік Қорғаныс комитеті жаңа әскери құрамалар мен бөлімдер жасақтауға шұғыл кірісті. 1941 жылғы 22 маусым – 1 желтоқсан аралығында қосымша 297 дивизия мен 94 бригада жасақталды. Қазақстанда 20- дан астам дивизия, 10- нан аса атқыштар бригадасы, 50- ге жуық полк және түрлі бағыттағы батальондар мен атқыштар дивизиялары құрылды. Олардың қатарында 29,38,100,101,238,310,312,314,316 – атқыштар дивизиялары болды. Мәскеу, Сталинград түбінде, Курск доғасында, Днепр өзенінен өткен кезде 316 – (8 – гвардиялық дивизия), 238- (30- гвардиялық) және 38- (73 - гвардиялық) дивизиялардың, ал Ленинград қаласы үшін боған ұрыстарда 310 – және 314- дивизиялардың даңқы шықты. Мыңдаған қазақстандықтар республикадан тыс жерлерде құрылған әскери құрылымдарға барып құйылды, армия мен майдан шебіне үздікссіз аттандырылды.
1941 жылдың маусым – қараша айларында Оралға, Сібірге, Еділ жағалауына, Қазақстанға және Орта Азияға 1533 кәсіп – орын, оның ішінде 1360 әскери зауыт көшірілді. Бір ғана 1942 жылы Қазақстанда қару – жарақ пен стратегиялық материалдар, азық – түлікке қатысты 110 ірі жаңа кәсіпорын іске қосылып, көшірілген 142 өндіріс орны орналастырылды.
1941 жылы шілдеде КСРО мен Ұлыбритания Германияға қарсы соғыста бірлесіп қимыл жасау туралы келісім жасасты. 1941 жылы қазанда Мәскеуде өткен конференцияда АҚШ пен Ұлыбритания таяудағы тоғыз айда Кеңес Одағына беретін қару – жарақ көмегі туралы шешім қабылдады. 1941 жылдың желтоқсаны мен 1942 жылдың қаңтар айларындағы Мәскеу үшін болған шайқас Гитлердің «Қауырт соғыс» жоспарын жоққа шығарды. Мәскеу шайқасына Қазақстанда құрылған 11 әскери құрама қатысты. Волоколам бағытын қорғаған 16 – армияның құрамында генерал –майор И.В.Панфилов басқарған 316 – атқыштар дивизиясы (8 – гвардиялық атқыштар дивизиясы) Тула маңында, 312 – атқыштар дивизиясы Малоярославец бағытында соғысты, ал 387- 391 – атқыштар дивизиялары, 105 – атты әскер дивизиясы және 75 – дербес теңіздік атқыштар бригадасы Мәскеуді қорғауға қатысты. Панфиловшы батальон командирі, аға лейтенант Б.Момышұлы әскери шеберлік үлгісін көрсетсе, саяси жетекші М.Ғабдуллин, қатардағы жауынгер Т.Тоқтаров ерлігімен даңққа бөленді.
Жау басып алған елдерде Қарсыласу қозғалысы күшейді. Олардың арасында қазақстандықтар да болды. 1942 жылдың жазы мен күзінде гитлершілер тұрақты әскерлерінен 24 дивизиясын майданнан алып, оларды партизандармен күресте пайдалануына тура келді. Қазақстандықтар (Қ.Қайсенов, Ғ.Ахмедьяров, Т.Жангелдин, Ғ.Омаров, Н.Садықов, А.С.Егоров, Н.В.Зебницкий, Ф.Ф.Озмитель, Ә.Шәріпов, Н.А.Морозов, С.Төлешов, В.И.Шаруда, Ж.Саин, Т.Жұмабаева, Н.Бәйсейтова, З.Хусанов, т.б.) Украина мен Беларусь, Смоленск жерлеріндегі, Ленинград облысындағы партизан соғысына, шет елдердегі қарсыласу қозғалысына белсене қатысты.
1941 жылы 5-6 желтоқсанда Кеңес әскері қарсы шабуылға шығап, жауды 100- 350 шақырымға дейін кері шегіндірді. 1941 жылы 7 желтоқсанда Жапония Перл- Харборды шабуылдау арқылы АҚШ – қа қарсы соғыс ашты. 8 желтоқсанда АҚШ, Ұлыбритания, т.б. елдер Жапонияға қарсы, ал 11 желтоқсанда Германия мен Италия АҚШ –қа қарсы соғыс жариялады. 1941 жылдың аяғы 1942 жылдың басында Жапония Малайзия,Индонезия, Филиппин, Сингапур, Таиланд, Гонгконг, Бирманы басып алып, Австралия мен Үндістанға қауіп төндірді. Кеңес – герман майданында фашист әскерлері Кавказ және Волгаға шығу арқылы КСРО – ны соғыс қажетіне керек ресурстан айыруға әрекеттенді. Бірақ Кеңес әскерінің Сталинградты ерлікпен қорғауы гитлерлік жоспарды іске асырмай тастады. Қазақстан Сталинград майданының ең жақын тылына айналды. Батыс Қазақстан стансалары мен елді мекендерінің кең көлемді бөлігі соғыс қимылдарының аумағында қалды. Атырау қорғаныс комитеті құрылып, Орал майдан өңіріне, әуе шабуылынан қорғану тіректерінің қатарына енгізілді. Жау Қазақстан аспанында 30 –ға жуық ұшағынан айырылды. Сталинград шайқасына Қазақстанда жасақталған 27,29,38,292, және 387- атқыштар дивизиялары, 81- атты әскер дивизиясы, 74- жеке теңіздік атқыштар бригадасы, 152 – атқыштар бригадасы, 129 – миномет полкі және 156 – жеке көпір құрылысы батальоны қатысты. Көрсеткен табандылығы мен қаһармандығы үшін 29 – 38 – атқыштар дивизиялары, 72 – 73 – гвардиялық атқыштар дивизиясы атанды. 1942 жылы 19 қарашада кеңестік әскер қарсы шабуылға шығып, 1943 жылдың ақпанында Сталинград шайқасымен өзара байланысты жүзеге асты. Кавказ үшін соғыста фашистер 400 мыңға жуық адамынң көп мөлшерде әскери – техникасын жоғалтты.
1943 жылғы әскери қимылдардың ең маңыздыларының бірі – Курск шайқасы. Бір ғана 12 шілдеде болған Прохоровка (Курск қаласынан оңтүстікке қарай) түбіндегі танкілер шайқасында жау 400 танкісінен және 10 мың әскерінен айырылды. 1943 жылы 23 тамызда Харьковтың азат етілуі 50 күн мен түнге созылған атақты Курск шайқасын аяқтады. Курск түбіндегі жеңіс және Днепрден өту Ұлы Отан соғысында түбегейлі өзгеріс жасады. Курск шайқасында қазақстандық 72 – және 73 гвардиялық дивизиялар мен 8- атқыштар дивизиясы асқан ерлік көрсетті.
1942 жылдың күзінде КСРО – ның батыс одақтастары жаудың Солтүстік Африка және Үндістан шекарасына қарай жылжуын тоқтатты. Ағылшындардың генерал Б.Монтгомери басқарған 8 – армиясының Эль – Аламейн түбіндегі (1942, қазан) жеңісі әрі ағылшын – американ әскерінің Солтүстік Африкаға түсірілуі (1942, қараша) бұл аймақтағы әскери қимылдарды одақтастар пайдасына шешті.
Фашистік Германия мен оның одақтастары барлық майдан шебінде қорғанысқа көшуге мәжбүр болды. 1943 жылдың күзінде кеңес әскери Днепр өзенінен өтіп, Украинаның оң жағалауын азат ету басталды. Сол жылы КСРО – ның батыс одақтастары Италияға енді әрі 1943 жылы АҚШ және Ұлыбритания Әскери – әуе күштері Атлант мұхитындағы әскери байланыстарды да өз бақылауына алды. Сонымен соғыстың 2 – кезеңі (1942 жылдың 19 қарашасы – 1943 жылдың аяғы ) 2 – дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрыстың басталуымен ерекшеленді.
Соғыстың 3 – кезеңі (1944 жылдың қаңтары – 1945 жылдың 9 мамыры) барысындағы Ленинград шайқасында 1944 жылы Ленинград қаласы мен облысы тегіс жаудан азат етілді. Ленинградты қорғауға, оның түбіндегі жау әскерлерін талқандауға қазақстандық 310- және 314 – атқыштар дивизиялары қатысты. Ленинградты қорғау соғыстарындағы асқан ерлігі үшін бөлімше командирі, аға сержант С.Баймағанбетовке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Қазақстан халқы ленинградтықтарға азық – түлік пен делегациялар жіберді. Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім!» атты жалынды жыры жауынгерлерді жігерлендірді. 1944 жылдың 1- жартысында Кеңес әскері ірі жауынгерлік операцияларды табыспен жүргізіп, майданның кейбір бөліктерінде Кеңес Одағының мемлекеттік шекарасына жетті.
ХХ ғасырдағы ең қантөгісті, адамзат болашағы сын сағатқа түскен Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, әсіресе, Ұлы Отан соғысы жылдары сондай даталардың ең қасіреттісі, әрі қасиеттісі. Бірақ, соғыс туралы шындық толық айтылды ма? Жоқ. Сталиндік «КПСС – тың қысқаша тарихы » курсы қалыптастырған идеология шеңбері, қасаң тұжырымдар құрсауынан әлі күнге арыла алмаған зерттеушілер мен тарихшылар бұған бүгінде де біржақты жауап бере алған жоқ.
Қазақстандағы ұлттық әскери – құрамалардың құрылуы.

1941 жылы 30 шілдеде Халық Комиссарлар Кеңесінің шешімі бойынша Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті (МҚК) құрылып, оның төрағалығына И.В. Сталин тағайындалды. МҚК – нің қолына мемлекеттегі барлық билік топтастырылды. Бұл ауыр соғыс жағдайына байланысты құрылған төтенше орган еді. Соғыс жылдары Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Отан тағдырына орасан зор маңызы бар он мыңға құжат қабылдаған. Соғыс шаруашылығына қолма – қол басшылық ету үшін жаңадан бірнеше Халық комиссариаттары, басқармалар мен комитеттер құрылды. Армия мен майданда әскери кеңестер құрылып, әскери комиссарлар институты қалыптасты. Майдандағы әскери кеңестердер, армияда партиялық – саяси жұмыстарға басшылық жасаушы басқармалар мен бөлімдер құрылды.
Әскерге міндеттілерді шақыруға әзірлеу жөнінде Орта Азиялық Соғыс Округінде Қазақстан бірінші орынға ие болды.
Мобилизацияланған жұмысшыларды қаылдап алу жүктелген партия, шаруашылық орындарына оларға барынша материалдық – тұрмыстық жағдай жасау, қамқорлық көрсету ұсынылды.
1941 жылдың 25 – 26 маусымында Қазақстан К (б) П Орталық Комитетінің V пленумы болып өтті. Онда республика партия ұйымдарының соғыс жағдайындағы міндеттері белгіленді.
Қазақ КСР әскери комиссариатының Қазақстан азаматтарын жаппай әскер қатарына шақыруы 1941 жылдың шілдесінің ортасынан басталды. 1941 жылдың тамызынан 1942 жылдың тамызы аралығында республикамызда 10 атқыштар мен 1 кавалериялық дивизия және 7 атқыштар бригадасы құрылған. Тез уақыт аралығында Ақтөбе, Ақмола, Петропавл, Алматы сияқты Қазақстанның қалаларында 310, 312, 314 және 316 – шы атқыштар дивиязылары жасақталып, оның құрамы Хасан, Халгин – Гол ұрыстарына және Кеңес – Фин соғысына қатысқан қатардағы жауынгерлер мен сержант құрамымен толықтырылды. Бұл дивизиялар жасақталған бірінші күннен – ақ киім – кешек, қару – жарақпен және қажетті құрал - жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Республикадан майданға он бес мың әр түрлі шендегі офицерлер аттанған. Взводтар мен рота командирліктеріне әскери училище түлектері тағайындалса, ал батальондар мен полктарды басқару округ мекемелерінің және маман бөлімдерінің офицерлеріне жүктелінді. Дивизиялық командирлікті Азамат соғысына қатысқан полковниктер Н.М.Замировский, А.Ф.Наумов және генерал – майорлар А.Д.Шеменков пен И.В.Панфиловтар басқарды.
Құрылған дивизиялар қысқа мерзімде әскери дайындықтан өткізілгеннен кейін майданға аттандырылды. Олардың кейбір бөлімдері бірден соғысқа аралысып кетсе, ал кейбір дивизиялар тағы да әскери жаттығулардан өтті. Дивизия командирлері мен саяси бөлім жетекшілері жаңа соғысқа кіргелі тұрған жауынгерлерге соғыстың мазмұнын және армияның басты міндеттерін түсіндіріп, кеңес әскери заңдарымен таныстырды.
ҚКП ОК – нің шешіміне орай ұлттық құрамаларды құру мәселесі бойынша жер – жерлерде партия – комсомол жиналыстары өткізілді. Қалалар мен ауылдарда комиссиялар құрылып, олар ұлттық құрамаларға ерікті түрде тілек білдіргендердің өтініштерін тірекй бастады. Комиссия құрамында облыстық, қалалық, аудандық партия комитеттері әскери бөлімінің меңгерушілері, төрағаның орынбасарлары ретінде кірді.
Жасақталатын әскери құрамаларға дайындықтары күшті әскери мамандар қажет болды. 1941 жылы 28 қарашада Орта Азия әскери округінің «Ұлттық құрамалар үшін командирлердің саяси орынбасарларын даярлайтын курстар ұйымдастыру» турасындағы Бұйрығы шықты. Бұйрық бойынша Алматы жаяу әскер училищесінде 250 адамды даярлау мәселесі қойылды. Ал, 1941 жылы 1 желтоқсандағы бұйрықта ұлттық жасақтар үшін саяси командирлерді даярлау курсын 15 күндік қылып және бұл курстардағы сабақты 4 желтоқсаннан басату, кавалериялық бөлімдер үшін қабылданған комсомолдарды жеке оқыту, курста даярланушыларға арнап, арнайы лагерьлер ұйымдастыру қажеттігі көрсетілді. Алматыда 80 адамға арнап, лагерь ұйымдастырылу көзделді.
Қазақстан бұл міндетті де шеше білді. Республикада 1940 жылы құрылған Алматы пулеметтік – атқыштар және 1941 жылдың басында Алматы жаяу әскери училищелері бар болатын. Соғыс кезінде осы училищелер майданға 6333 офицерлерді дайындап жіберді. Сондай – ақ, курсанттық бригадалар мен батальондар құрамында училищеде әскери іске тәрбиеленген 7001 сержанттар мен қатардағы жауынгерлер болды. Училищедегі қиындықтарға қарамастан оның қабырғасынан мықты дайындалған командирлер шықты.
Қазақстанда жасақталған ұлттық әскери құрамалардағы жауынгерлердің көпшілігі бұрын әскери дайындықтан өтпеген, әрі орыс тілін нашар білетін адамдар болғандықтан бұлармен әскери дайындық ісі және саяси тәлім – тәрбие жұмысы ана тілінде үзбей жүргізілді. Сондай – ақ, жауынгерлерге мәдени қызмет көрсету ісі де жолға қойылды. Оларға қазақ тілінде шыққан газет – журналдар, көркем әдебиеттер жеткізіліп тұрды. Ұлттық құрамаларға жаңа келгендерінің ішінде бұған дейін майданға болған, соғыстың мән – жайын білетін жауынгерлер де болды. Олар өз тәжірибелерңн көпшілікке таратып, соғыс туралы көргендерін, білгендерін жастарға үйретумен болды. Жауынгерлер күн демей, түн демей соғыс кезеңінің қатаң тәртібімен әскери әзірліктен өтіп, жаттығумен болды.
Майданға көрсетілген бүкілхалықтық көмектің ішінде ұлттық құрама жауынгерлеріне мәдени қызмет көрсету ерекше орын алды. Өнер қайраткерлері К.Байсейітова, Ж.Омарова, Е.Өмірзаков, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ә.Үмбетбаев, Ғ.Құрманғалиев, Ш.Бейсекова, Ш.Жиенқұловалар өз өнерлерін көрсетіп, жауынгерлерге рухани демеуші болды.
Великие Луки үшін шайқас.

28 желтоқсанда бригада командирлігіне Панфилов дивизиясында полк командирі болған, гвардия полковнигі Е.В.Воронков тағайындалды. Ал, бригаданың бұрынғы командирі, подполковник В.Г.Шевцов 3 – Екпінді армияның кадрлар бөлімінің қарамағына жіберілді.
Бригада командирлігіне дейін Е.В.Воронков Великие Луки шайқастарына 8 – гвардиялық дивизияның 28 – полктің командирі ретінде қатысқан еді. Талантты, тәжірибелі, жігерлі полковник бригаданы қабылдаған күннің өзінен – ақ білікті командир екендігін көрсете білді.
1942 жылы желтоқсан айында 100 – ші дербес атқыштар бригадасы Великие Луки қаласына жетіп, бірден ұрысқа кірісті. Великие Лукиді азат ету жолындағы ұрыстар аса ауыр болып, бұл қанды шайқастар он бес күнге созылды.
1943 жылдың 1 қаңтарында 3 – Екпінді армияның күшімен батыл шабуыл жасау нәтижесінде Великие Луки қаласы мен темір жол торабын алды. Сөйтіп, қаладағы неміс гарнизонын жойып жіберді. Тура жаңа жыл күні 3 – Екпінді армияның күшімен Великие Лукидің азат етілуі бүкіл Кеңес халқын қуанышқа бөледі.
Немістер қаланың батыс жақ шетіндегі қорлаушы қамалда қалған 500 кісілік гарнизонын құтқару үшін бар күшін салды. Новосокольникиден жаудың жүздеген танкілері, СС - терден құралған ерекше корпусы қалаға ұмтылды. Осындай жағдайда 100 – бригада 5 қаңтарда Великие Лукидің түбінде жаудың жолын бөгеуге тырысып, ұрысқа кірісті.
Қаланы қайтадан басып алуды көздеген немістер 1943 жылы 5 қаңтарда 60 –тай танк жәрдемімен екі дивизиясымен 100 – атқыштар бригадасы тұрған қорғаныс шебіне шабуыл жасайды. Великие Луки тас жол бойын жағалай орналасқан 100 – ші бригада бөлімдері олардың шабуылдарын тойтарып отырды. Олар 8 километр қашықтықтағы Великие Луки қаласына кіруді мақсат тұтты. Сол күні екі жақ та ұзындығы 3 километр, ені екі километр шамасындағы ойпаңда бетпе –бет шығып, немістер ілгері жылжуға, 100 – бригада артқа шегінбеуге күш салды. Ұрысқа танкілер шықты. Екі жақтан үздіксіз атылып жатқан артиллерия оғының гүрсілі майдан даласын қызыл өртке айналдырды.
Бригада бөлімдері жауға тойтарыс бере отырып, Бурцево деревнясына қарай жақындады. Осы 5 қаңтардағы Великие Луки түбіндегі шайқас барысы туралы Әзілхан Нұршайықов Бауыржан Момышұлымен болған сұхбатында бригада батареясының жауынгерлерін Клочков бастаған батырлардың ерлігімен теңестірді. Шайқас барысындағы өзі болған батареяның күресін: «1943 жылы 5 қаңтар күні менің үшінші батареядағы достарым Великие Лукиге қарай жөңкіген жау танктеріне қасқайып қарсы тұрды. Біздің бір батарея фашистердің отыз танкісімен жалғыз шайқасты.»
Великие Лукиде болған ұрыстарға қатысқан қазақ ұлттық бригадасы жайында 3 – Екпінді армияның қолбасшысы, генерал К.Н.Галицкий «1941 – 1944 қатал сын жылдары» деген кітабында : «Мұнда 19 –гвардиялық және 360- атқыштар дивизияларының, 44 – шаңғылы және 100 – атқыштар бригадаларының жауынгерлері жауға қарсы тұрды. Ұзақты күнге созылған, кескілескен ұрыста асқан ерлік пен табандылық көрсетті,» - деп жазды.
Великие Луки іргесіндегі неміс басқыншыларын талқандау оңайға түскен жоқ. Бригаданың бірталай жауынгерлері қаза тапты. Әсіресе, бірінші атқыштар батальоны көп шығынға ұшырады.
Великие Луки бүкіл бригада ерекше ерлік көрсетті. Қажым Көшеков, Ыбырайым Сүлейменов, Заманбек Матаев, Біргебай Әбдікәрімов, Ислам Назаров, Қалисар Қабдулинов, Қабас Дүйімбаев сияқты көптеген жауынгерлер мен командирлер неміс фашистерімен жан аямай соғысып, оларды Великие Лукиге кіргізбеді.
Велиике Лукидегі шайқас тарихта «Кіші Сталинград» шайқасы деп аталды. Бұл операция алғашында Сталинград шайқасына қосалқы түрінде ғана жобаланғанымен, артынан Кеңес армиясының аса ірі жеңістерінің біріне айналды. Тарихта «Кіші Сталинград» шайқасы аталған Великие Луки ұрысында қазақтың 100 – ші ұлттық атқыштар бригадасы ерекше батырлық танытты. Қазақстандық бригада ұзақты күнге созылған кескілескен ұрыста ерлік пен табандылық көрсетті.
Великие Лукиді азат етуде 100- ші дербес ұлттық атқыштар бригадасы тарихи ерлік жасады. Олар қиын жағдайларға қарамастан неміс басқыншыларын қуып тастады. Сөйтіп, төнген аса қауіпке қарамастан, жауынгерлер мен командирлер қаһармандық көрсетіп, жауға қарсылықты күшейтуде және жеңіске жетуде ерен үлес қосты.
Невельді азат ету.

1943 жылғы 19 ақпанда 100 – ші бригада құрамына 1000 адам, 20 ақпанда 248 адам, 23 мен 24 ақпанда 1900 адам қосылды. 28 қаңтарда бригада құрамында 3599 жауынгер болды.
Қаңтардың 21 – де 100 – ші дербес атқыштар бригадасын майдан шебінен Қазақстанда жасақталған 150 – ші атқыштар дивизиясы ауыстырды.
1943 жылдың 6 ақпанында барлық орталық газеттерде 2 млн 631 506 адам қол қойған «Майдангер – қазақтарға қазақ халқының хаты» жарияланды. «Қазақстан ұлдары! Біздің балаларымыз, күйеулеріміз бен бауырларымыз!», - деп басталған хатта қазақ халқы майдангер қазақ жауынгерлеріне қорлық пен құлдыққа түсіргісі келетін жауға қарсы табандылықпен күресуге шақырып, олардың жеңіске жететіндіктеріне сенім білдірді.
1943 жылдың 10 – қыркүйегінде 3 – Екпінді армия Калинин майданының оң қанатында маңызды шабуыл операциясын бастады. Мақсат – Невель қаласын неміс басқыншыларынан азат ету болды.
Невель қаласы – жау қорғанысындағы аса маңызды стратегиялық жол торабы еді. Автомобиль және темір жолдарының ірі торабына орналасқан Невель Прибалтика мен Белоруссияға өтер қақпа болатын. Бұл қала неміс армиясының «Орталық» пен «Солтүстік тобын» байланыстырып тұрды. Невель қаласында алысқа әрекет жасайтын немістердің телефон – телеграф байланысының негізгі торабы бар еді. Сондай – ақ, қалада олардың ірі қару – жарақ, киім – кешек пен азық – түлік қоймалары орналасты.
Невель қаласының азат етілуімен қарсыласудың қуатты топтарынан құралған жау қорғанысының үш бұрышындағы Новосокольники – Великие Луки – Невельдегі үшінші бұрыш жойылар еді.
Немістер Невель қаласының айналасына окоптар қазып, күшті бекіністер орнатты. Невель үшін болған ұрыстарға 3 – Екпінді армияның қарамағындағы бес атқыштар дивизиясы, үш атқыштар бригадасы қатысты.
Қазанның 5 – інен 6 – ысына қараған түні мүмкіндік болған барлық жерде митингілер өткізіліп, оларда майдан командованиесі мен армияның әскери кеңесінің «Невельді азат етейік!» деген үндеуі жарияланды. Үндеуде бригада алдындағы өте қиын міндет – жау қарсылығын қиратып, оперативтік жағынан маңызы бар Невель қаласын азат ету мәселесі көтерілді.
Невельге шабуыл жасар қарсаңыындағы түнде Қызыл Армия ормандар мен жыраларға екі танк және екі атқыштар дивизиясын жауға байқатпай шоғырландырды. Бұл екі атқыштар дивизиясы мен танк бригадасына 100 –бригада қорғаныс құрып жатқан Поречье селосы бағытындағы майданның тар учаскесінде жау қорғанысының бірінші және екінші шебін бұзып өту міндеті жүктелінсе, ал 100 – ші ұлттық атқыштар бригадасына қаланың азат етілген жерлерін және үйлерге бекініп алған неміс солдаттарына күйрете соққы беріп, қалған немістерді тұтқынға алу бұйырылды.
1943 жылы 6 қазанда таңертең Қызыл Армия әскерлері Невельге шабуыл жасады. Қалаға алдымен 78- танк бригадасы, 21- гвардиялық және 28- атқыштар дивизиялары, іле – шала артынан 31 және 100 – ші атқыштар бригадалары кірді.
100 – ші атқыштар бригадасына жауға күтпеген жерден күйрете соққы беріп, оның қорғанысын бұзып, қаланы иеленіп, бекіну және оны ұстап тұру бұйрығы тапсырылған.
1943 жылы 6 қазанда Невель қаласы жаудан азат етілді. Қаланың комендаты болып 100- дербес атқыштар бригадасының командирінің жауынгерлік жұмыс жөніндегі орынбасары, подполковник Әбілқайыр Баймолдин тағайындалды. 7 қазанда Жоғарғы Бас Қолбасшының бұйрығымен бұл операцияға қатысқан құрамалар мен бөлімдерге «Невель» атағы берілді және 3- Екпінді армияның 3945 адамы ордендермен, медальдармен марапатталды.
Бригада алдына Невельдің солтүстік – батыс жағындағы 20 шақырым жердегі Изоча стансасын немістерден босату мәселесі тұрды. Изоча стансасын немістерден азат ету – бұл Полоцк мен Витебск қалаларына қарай жол ашу болды.
Отты жылдарда ару – қыздарымыздың батырлығы.

Аспан мен Жер арасын
Өрт қаптады жалыны жалаңдаған,
Көңірсіді құйқадай адал далам.
Бір – бірінің қанынан ұрттамаса,
Тыншымастай сұстанды Адамға Адам.
Түндер келді жарыңның құшағында
Рахаттың орнына алаңдаған.
Жас орнына мөлдіреп жанарда қан
Тамайын деп тамбаған, тама алмаған.
Алмасты лез күрсіну, күңіренумен
Жүректерден шарықтап таралған ән.
Түнде соғар дүлейін жасырғандай,
Күліп –атып қылымсып таң алдаған.
Бейнетімен бақ құшқан кең далаға
Қанды өзендер құйғандай сан арнадан.
Мазасыз әм қысқа бұл тіршілікте
Болар кейде мейірімді адамнан аң.
Сәби көңіл жандардың жанын улап
Бітіспес кек, ызамен арамдаған.
Дөңбекшіді сонда Жер қанға бөгіп:
«Не кінең бар, Адамдар, тағар маған?!»
Иә, қара Жерді дөңбекшітіп, жазықсыз жандардың жанын жазылмас жарамен қан жылатқан, көп ұлтты совет халқының ер жүректілігі мен қанға сіңген қаһармандығын әлем алдында тағы да әйгі еткен екінші дүние жүзілік соғыстың аяқталғанына отыз жыл толып отыр. Ерліктің салтанатты жеңісіне ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, соғыс қантөгісін басынан кешірген совет адамдары соғыс салған азап пен қасіретті күні бүгінге дейін ұмытқан емес және бұл еш уақытта да көмескіленуі мүмкін емес.
Ұлы Отан соғысының от – жалынды жылдарында ер – азаматпен бірге қолына қару алып, майдан шебіне аттанған Мәншүктей қыздар сан жүздеп саналады.
Он жылдықты жаңа бітірген өңкей жас қыздар ел басына түскен ауыр күндерде әскери мамандықтарды тез – ақ меңгеріп, аса қабілеттілік көрсетті. Танкистер Жамал Байтасова, Құлкен Тоқбергенова, Гүлжамила Талқанбаева, пулеметші Гүлжамила Бейсенбаева, радистер Орынкеш Мысырова, Шәкір Ботақанова, Бикен Садуакасова, мерген Мәлике Тоқтамышева, байланысшы Фазила Темірәлиева және басқалар қазақстандық қыздардың қандай іске болмасын таланты мен қабілетін дәлепдеп берді. Әрине, қолына қару алмаса да майдан өмірінің дәл ортасында жүріп, соғыс күндерінің ащы – тұщысын бірге татысқан қыздар да көп. Соғыс жылдарында қыз – келіншектердің көбі әскери дәрігер, мед бике болып істеді. Бұлардан басқа ішкі істер жұмысы: газет. Баспахана саласында да көптеген қыздар жүрді. Тотия Тойбазарова, Мінуара Нәбиева, Айша Сыйқымбаева, Қантай Елубаева, Қалима Өзбеханова, Ира Оразбаева және басқалар мысал бола алады.
Қазақстандық әйелдер тек қана майдан шебінде емес, тылда да аянбай еңбек етіп, ерліктің небір үлгілерін көрсетті. Ежелден халқымызға тән елдік пен ерліктің ауыр жүгін жауапкершілікпен көтеріп, туған жерден алыста, батыста, шайқасқан ардагер жауынгерлердің сенімді көмекшісі бола білді біздің аяулы қыз – келіншектеріміз.
Шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүк – әрбір ұрпақтың қай кезде де мақтан бола беретін қазақ қыздары. Осы шындықтың өзі қазақ қыздарының нәзік жанды, батыл жүректі жандар екенін дәлелдейтіндей. Қос батыр қыздың Отаны – Қазақстаннан соғысқа қатынасқан қыз – келіншектердің көбі (тіпті барлығы дерлік) майданға өз еріктерімен сұранып аттанған. Осының өзі жайдан – жай емес. Ежелден батырлық пен ерлік рухы сіңген топырақта тәрбиеленген олардың басқаша болуы мүмкін емес еді.
Уақыт алға жылжыған сайын кешегі өрім жас, бүгінгі самайларын ақ шала бастаған аналардың ел басына күн туған сын шақта қайыспай күрескен қажыр – қайратының мән – маңызы тереңдей түсуде. Қиын сәттің алдарына тартқан ауыртпалығын мойымай атқарғандарын олардың ешқайсысы да керемет ерлік жасап жүрміз деп ойлаған жоқ. Бірақ сұрапыл жылдардан 70 жыл өткеннен кейін әйел жауынгерлердің қай – қайсысы да сол бір кездерін толқи еске алады. Отты күндердің тауқыметін ұрпақтары ешқашан көрмеуін тілей отырса да, бүгінгі жастардың жалынды боп ер жетуін қалайды олар.
Майданға қатынасқан қазақстандық қыздар жайлы жинақталған, зерттелген материалдар әлі де болса өте аз. Олардың әрқайсысының ерлігі мен өмір жолы өз алдына бірнеше еңбек бола алады. Кейінгі ұрпақ Ұлы Отан соғысының отты жылдарында ел қорғаған ер жүрек апайларының өмірін толық зерттеп, еңбектер жазса, бұл, сөз, совет халқының тарихи жеңісінің шежіре беттерін толықтырар еді.
Қазақстандық қыздардың ерлік істері әлі де жан – жақты толық зерттеуді, көңіл бөлуді талап етеді.
Ұлы ерлікке тағзым

1941 жыл. Жүрегіне албырт арман ұялаған Мәншүк Мәметова өмірге, ертеңгі болашағына зор үмітпен қарайтын.

Ұлы ерлікке тағзым

Ұлы ерліктер қасиетті дала төсінде ескерткіш боп, ұрпақтар жүрегінде мәңгі жасай бермек.

Жеңіс қамалы – қаһарман тыл.

«Қазақстан жерінің байлығымен, тауларының бүкіл қазынасымен майданға қуатты тірек болуда».
Ұлы Ленин партиясы совет халықтарының достығын тылда шыңдады. Бұл кезеңде көтерілген «бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деген ұраң халықтың көкейтесті ойынан шыққан еді. Еліміздің тәуелсіздігін, социализмнің жеңісін қорғау совет адамының бүгінгісі мен болашағы үшін күрес екенін олар сөзімен де ісімен де дәлелдеді. Партияның ұраны, үкіметтің тапсырмасы, халықтың игі тілегі мен еңбегі бір жеңіс арнасына құйылды.
Ұлы Отан соғысы басталған күннен – ақ социалистік қоғамдағы халықтың, үкіметтің, Коммунистік партияның құрыш болаттай бірлігі бүкіл әлемге тағы да аян болды.
Коммунистік партия жасап берген жеңіс программасы майдан мен тылдың тыныс тіршілігін, қам – қарекетін, мақсат – мүддесін бір арнаға салды. Жеңіс жоспары совет қоғамының артықшылығына, халықтың саяси бірлігіне, Отанның материалдық ресурстарына негізделді. Халық шаруашылығын тез арада соғыс тілегіне сай қайта құру, күшті әскери экономиканы жасау міндеті күн тәртібіне қойылды. Міне осындай жауапты міндетті орындаған күнде ғана бүкіл Еуропаның экономикасына сүйенген гитлерлік Германияның шығарып жатқан әскери техникасының сан жағынан уақытша басымдылығын жоюға болатын еді.
Екі – үш километрден астам жерлерге 1941 -1942 жылдары 2593 кәсіпорын, 14 миллионға таяу ірі қара мал, 11 мың трактор, миллиондаған тонна астық және басқа ауыл шаруашылық өнімдері шығыс аудандарына жеткізілді. Бұрынды – соңды мұндай тұтас қалалар мен аудандардың көшуін, алыс жерге қоныс тебуін тарих білмеген еді.
Құрылыс жұмыстарына керекті материалдар, жұмыс күші ұйымдастырылды, ал жаңадан келген жұмысшылар, қызметшілер, инженерлер мен техниктер, олардың отбасылары тұрғын үймен және азық – түлікпен қамтамасыз етілді.
Жаңа жерге орналасқан кәсіпорындар қысқа мерзім ішінде жедел қарқынмен дамып, соғыстан бұрынғы кездегіден де артық өнім бере бастады. Жергілікті шикізат қорына жақын орналасқан жәпе негізінен маман жұмысшы кадрлармен қамтамасыз етілген бұл кәсіпорындар республика экономикасының құрамына кіріп, оның өндірістік дамуына әсер етті. Алматы, Семей, Петропавл тағы басқа қалалар ірі өнеркәсіп орталықтарына айналды.
Республика жұмысшыларының, шаруаларының қалың бір отряды бейбіт кездегі мамандықты тастап, майдан шебіне аттанды. Советтік Қазақстан интеллигенцияның өкілдері де осылай жасап, қаламын мылтықпен ауыстырды. Сондай – ақ соғыс шебінен көшіп келген кәсіпорындар негізінен жұмыс күшінсіз келген еді.
Қысқа мерзімде маман кадрлар даярлау мәселесі республика партия ұйымының кезекті міндеттерінің біріне айналды. Атақты қолбасшы Г.К.Жуков осы қоныс аудару бағытындағы партия мен халықтың жасаған ерлігін Ұлы Отан соғысының барысындағы аса зор стратегиялық мәні бар шайқастардағы жеңіске теңеуге болар еді деп көрсетті.
Орта Азия, Қазақстан соғысып жатқан елдің негізгі бір шикізат және азық – түлік базасына айналды. Туысқан республикалар 5 миллион тоннаға жуық мақта өндірді. Тек Қазақстан мен Қырғыстан 10 миллион тонна ет берді. Қазақ ССР – і Одақта өндірілген астықтың 7 процентін Отан қоймасына құйды.
Жауынгерлердің жауға атып жатқан он оғысының тоғызы Қазақстанда құйылғанын сіз білесіз бе! Қазақ жауынгерлері жолдаған хаттарында өз республикасын, Қазақстан еңбеккерлерінің ерлік еңбегін міне осылай мақтанышпен жазды.
Иә, қазақстандықтар осы бір мақтанышқа лайық еді. Бұған дәлел ретінде 1944 жылы тек Қарсақпай мыс заводының Болгария мен Қытайды қосып есептегендегіден көп мыс қорытқанын, ал Жезқазған руднигінің бір ай ішінде Греция рудниктерінің 1938 жылы бір жылда бергенінен көп өндіргенін айтсақ та жеткілікті. Жезді руднигінде өндірілген марганец мөлшері Венгрия,Румыния және Чехословакияны қосқандағыдан асып түсті.
Соғыс теміржолшыларға ауыр салмақ түсірді. Батыстан лек – легімен көшкен совет отбасыларын, өнеркәсіп жабдықтарын тоқтаусыз тасу керек болды. Сонымен қатар майдандағы әскери эшелондарды, қару – жарақ, өнеркәсіп орталықтарына азық – түлік, шикізаттарды асқан жылдамдақпен тоқтаусыз, тынымсыз жеткізу міндеті алға қойылды. Қазақстан теміржолшылары соғыс қажетіне сай жұмысты қайта құрып, ерлік еңбектің тамаша үлгілерін көрсетті.
«Жауды қиратып, жеңіске жетеміз» - деген бүкілхалықтық ақ ниет еңбекшілердің күнделікті қайтпас жігерінен, қаһармандық ерлігінен көрініп отырды: Халық жанын да, малын да, жалынды жүрегінен шыққан патриоттық үнін де Отан мүддесіне бағындырды. Байтақ Отан тұтасқан, берік ғажайып соғыс лагеріне оыслай айналды. Қазақстан осы лагерьдің көлемі мен алатын орны жөнінен маңызы күшті, берік қамалының бірі болды. Ол көмірдің, мұнайдың, түсті металдардың, сирек кездесетін металдардың ордасына, маржандай астық, аппақ кскачать dle 11.0фильмы бесплатно