Коллективный договор

Матакбаева Балжан Кенесбергеновна
Преподаватель основ права
КГКП «Политехнический колледж города Аягоз»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Еңбек құқығының тақырыбы бойынша білім беру арқылы оқушылардың азаматтық жауаптылығын, қоғам алдындағы міндеттерін түсіндіру.
Дамытушылық: Еңбек қуқықтың шарттарын нормаларын ұғындыру.
Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция
Көрнеліктер: Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі , топпен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар (ой-тұжырым жасау, кесте, ситуация шешу).
Сабақ әдіс-тәсілдер: «миға шабуыл», пікірталас, топпен жұмыс

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.

ІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру:
а)Кіріспе әңгіме.
б)«миға шабуыл» әдісі: Көлік заңнамасы туралы заң, оның қабылданған уақыты, бөлімдері ұғымдарының мағынасын анықтау, тақтаға негізгілерін жазу және жаңа тақырыппен байланыстыру
Мұғалім әңгімесінің жоспары:
• Ұжымдық келісім-шарт
• Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы
• Ұжымдық келіссөздер жүргізудің, ұжымдық шартты әзірлеу мен жасасудың тәртібі
Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы
1. Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымын тараптар айқындайды. Ұжымдық шартқа:
1) Еңбекке ақы төлеуді нормалау, оның нысандары, жүйелері, қызметкерлерге, оның ішінде ауыр жұмыстарда, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерге тарифтік ставкалар мен жалақылар, үстемақылар мен қосымша ақылар мөлшері туралы;
2) Еңбекке ақы төлеуді индекстеу туралы, жәрдемақылар мен өтемақы төлемдерін төлеу туралы, оның ішінде жазатайым оқиғалар кезіндегі қосымша өтемақылар туралы;
3) Тиісті мамандықтың, ұйымдағы лауазымның ең жоғары және ең төменгі жалақысы мөлшерлерінің арасындағы жол берілетін арақатынас туралы;
4) Разрядаралық коэффициенттерді белгілеу туралы;
5) Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығы, еңбек демалыстары туралы;
6) Салауатты және қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау туралы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру көлемі туралы, денсаулық сақтауды жақсарту туралы, қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін медициналық сақтандыру кепілдіктерді туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы;
7) Тиісті саланың разрядаралық коэффициенттерін белгілеу туралы ережелер енгізілуге тиіс.
2. Ұжымдық шартқа:
1) Еңбекті ұйымдастыруды жақсарту және өндіріс тиімділігін арттыру туралы;
2) Еңбек тәртіптемесі мен еңбек тәртібін реттеу туралы;
3) Босатылатын қызметкерлердін жұмыспен қамтылуын, оларды даярлауды, біліктілігін арттыруды, қайта даярлауды және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету туралы;
4) Жұмысты оқумен қоса атқаратын қызметкерлерге берілетін кепілдіктер мен жеңілдіктер туралы;
5) Қызметкерлердің тұрғын үй және тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы;
6) Қызметкерлерді сауықтыру, санаторий-курорттық емдеу және олардың тынығуы туралы,
7) Кәсіподақ мүшелері болып табылатын қызметкерлермен еңбек шартын бұзған кезде ұйымның кәсіподақ органының дәлелді пікірін ескерудің тәртібі туралы;
8) Кәсіподақ органына сайланған қызметкерлерге берілетін кепілдіктер туралы;
9) Қызметкерлердің өкілдері қызметін жүзеге асыруға арналған талаптар туралы;
10) Кәсіподақ қызмет үшін жағдай жасау туралы;
11) Қызметкерлерді сақтандыру туралы;
12) Ұжымдық шарттың орындалуын бақылау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы;
13) Еңбек шарттарын ереуілді желеу етіп жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуды болдырмау туралы;
14) Қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздері келтірген залал үшін жауаптылығы туралы;
15) Тараптардың ұжымдық шартты орындауға жауаптылығы туралы;
16) Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы;
17) Тараптар айқындаған басқа да мәселелер бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушінің өзара міндеттемелері енгізілуі мүмкін.
Ұжымдық шарт еңбек заңнамасымен, бас, салалық, өңірлік келісімдермен салыстырғанда қызметкерлер жағдайын нашарлатпауға тиіс. Мұндай ережелер жарамсыз деп танылады
Қазақстан Республикасының Еңбек Заңы 1999 жылы 10 желтоқсанда қабылданып, 2000 жылғы 1 қантардан бастап күшіне енгізілді
«Еңбек шарты» ұғымының заңнамалық анықтамасын беру.
Сауал: Заң бұзушылық және жауапкершілік дегеніміз не? Әрекет қабілеттілігі дегеніміз не? Пікірталас
Топпен жұмыс №3 (ситуацияларды шешу)

ІІІ. Пысықтау. Заңнамалық сөздік
1. Топпен жұмыс №3 (ситуацияларды шешу)
Әкімшілік атынан Берденов пен Петров мұз айдынына су толтыру жұмысына шақырылды. Есеп ажырасқанда олар мерзімнен тыс жұмысқа ақы төлеуін талап етеді. Себебі, олар үш күн бойы мерзімнен тыс уақытта жұмыс істеген.
Әкімшілік: «Мердігерлік шарты жасалынған, төлемақы штаттан тыс қордың есебінен жүргізілді, сондықтан еңбек заңнамасының нормалары бұл қызметкерлерге тарамайды» деп қарсылық білдірген.
Осы жағдайды талқылаңдар. Қызметкерлердің талабы заңды ма?Жақтар қандай заң қатынастарына жатады?
2. Топпен жұмыс №2:
Азаматтар Сейдахметов пен Бөрібаев отбасында өздері мынадай жұмыстарды атқаратын болып ауызша келісім жасасты: Бөрібаев жеті күн ішінде Сейдахметовтың пәтерін жөндеп беруге міндеттенді.
Осы қатынастарды реттеу үшін еңбек заңын қолдану мүмкін бе? Бұл қатынас қандай заң нормаларымен реттеледі ?

ІҮ. Бағалау.

Ү. Үйге тапсырма: § 12 оқу. «Еңбек құқықтың реттейтін қатынастар» тақырыбында реферат жазускачать dle 11.0фильмы бесплатно